Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанада «Ұлт шамшырағы-ұстаздар» мерекелік концерті өтті

AstanaTV
05.10.2022ж. 20:00
1171
Астанада «Ұлт шамшырағы-ұстаздар» мерекелік концерті өтті

Кәсіби мерекеге орай елордалық ұлағатты ұстаздар ұлықталды. Бейбітшілік және келісім сарайына еңбегі елеулі үздік педагогтар жиналып, төсбелгілермен, медальдармен әрі қаржылай сертификаттарымен марапатталды. Ал оларды құттықтауға Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов арнайы келді.

Мерекелік концертке білім беру ұйымдарының қызметкерлері, педагог-ардагерлер, қоғам қайраткерлері қатысты. Еңбегі ерен, қызметі қажырлы жандардың мәртебесін көтеру мақсатында қала әкімі ұстаздарға «Астана қаласының құрметті педагогі» төсбелгілерін әрі 1 миллион теңгеден сертификаттар табыс етті.

Алтай КӨЛГІНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мектепті салуын саламыз бірақ мұғалімдерді де дайындау керек. Астана қаласына арнайы педагогикалық институт қажет. Соны біз жеке инвестормен келістік, орын белгіледік. Салынатын болса, талай ұстаздарымыз оқытылатын болады. Осы екі жылдың ішінде 1400 грант педагогикалық мамандарға бөлдік. Биылдың өзіне тағы 1000 грант бөлдік. Оның барлығы ұстаздарға деген мемлекеттің қамқорлығы.

Астананың үздік үш ұстазына Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі тағылды. Енді бірі көп жылғы еңбектері үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ТМД білім беру үздігі» төсбелгілерімен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 15 жылдан аса өмірін білім саласына арнаған Қорлығаин Баяхметова мерейлі мереке аясында білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісі табысталды.

Қорлығаин БАЯХМЕТОВА, «АСТАНА ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Мұғалімдерді, ұстаздардың мәртебесін көтеру дәрежесінде осындай үлкен іс-шара жетінші съез өткізіліп жатыр. Білім беру саласының үздігі төсбелгісімен марапатталғаныма қуаныштымын өте.

Қ. Мерей