Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Теріс діни ағымның өкілі ме деп күдіктенсеңіз, не істеу қажет?

AstanaTV
22.07.2016ж. 20:00
3297
Теріс діни ағымның өкілі ме деп күдіктенсеңіз, не істеу қажет?

Көршіңіздің, не танысыңыздың теріс діни ағымның өкілі екендігіне күдіктенсеңіз, не істеу қажет? Соңғы кезде редакциямызға осы сынды сауалдарды қоюшы көрермендер қатары көбейді. Сондықтан оның жауабын тілшілеріміз іздеп көрген еді. Бір аңғарары - күдігіңізді хабарлайтын елімізде нақты телефон желісі жоқ екен. Тек 102 болмаса, бірақ полиция бұл сауалдың оларға қойылуын орынсыз деп отыр. Құралай Пионер жақында ортақ желі іске қосылатынын біліп келді.

Лаңкес, теріс ағымының өкілі, вахабид, сәләфид - бұл бүгінде қоғам арасында айтылуы жиілеген сөздер. Имамдар келтірген дәйекке қарағанда, бұл ханафи мазхабына, яғни біздер ұстанатын бағытқа кереғар ағымдардың бір легі ғана екен. Ең бастысы - идеологиясы басқа. 

Бауыржан Әлиұлы, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі:

Адамның сақалды болуы оның радикал болуының белгісі емес. Сонымен қатар балағының қысқа болуы да үлкен белгісі емес. Негізінде радикализм және тахфиризм дегеніміз терроризм-экстремизм дегеннің барлығы дәстүрлі диструктивті ағымға өтіп кеткен жастардың негізгі пікірінде ол нарселер. Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз ұстаған ханафи мазхабын мойындамайтын исламның ішіндегі жат ағымдар меңзеледі. 

Соңғы уақытта тіркелген жайғдайдан кейін тіпті қазір ел ішінде секем басым. Әрбір қысқа балақтыдан, сақалдыдан, ең сорақысы - намаз оқып, мешітке баруын жиілеткен адамнан да қорқатын халге жеттік. Ал қауіп тудырған күдікті топты байқағанда қайда хабар беру керектігі белгісіз.

- Не замечала. -А если заметите, вы знаете, куда обратиться? -Не знаю. -А что вы сделали бы, если заметили? - Домой бежала бы!

- Вот о таких людях, которые сидят, мы сообщаем в КСК. И просим проследить, в какой квартире они живут.

- Участковому зайду и скажу. А больше куда еще? - А что-то подозрительное замечали. - Нет!

Бұл сұраққа құзырлы орынның өздері де нақты жауап бере алар емес. 

София Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хатшысы:

Бұл сұрақ негізі ІІД-те қойылмауы керек шығар. Бірақ, әрине, егер секем тудыратын жағадай болса, кезекші бөлімге хабар берілуі керек. Қазір террорлық қауіптің сары деңгейі тұрғандықтан, ақпараттың барлығы тексеріледі. 

Ержан Ережепов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі:

Қазір бізде жедел байланыс желісі іске қосылғалы тұр. Таяуда жұмыс басталады. Террорлық әрекеттерге қатысты қоңыраулар, хабарламалар әрдайын қабылданып отырмақ. Яғни сары деңгей алынғаннан кейін де желі қосулы тұрады.

Әрине, жедел қоңырауға түскен ақпардың бәрі де рас болмауы да мүмкін. Сондықтан бұл тұста теріс діни ағамға ергендерді анқытаудың әдісі анағұрлым күшті болуы тиіс. Теолог Досай Кенжетай ол үшін заңға түбегейлі өзгеріс енгізу керек екенін айтады.

Досай Кенжетай, теолог:

Діни танымға шектеу қою керек, бірінші. МДБ-сы болып, қоғам болып, Дін істер комитеті болып, күресу, ағартушылық жасау дұрыс. Бірақ ол жеткіліксіз. Біз бұған мемлекеттің бар екенін білдіруіміз керек. Заң керек. Құқықтық сана әсер еткен кезде ғана, тепе-теңдік жағдайда шеше аламыз. Мемлекет бағытты солай көрсетуі керек.

Жалпы «теракт» деген әрекет Қазақстанда 2012 жылдан бастап тіркеліпті. Егер санап айтсақ, 4 жыл ішінде 9 мәрте болған. Оның екеуі - биылғы оқиға.

Құралай ПИОНЕР