$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алдағы сайлау - саяси реформалардың жүйелі жалғасы

AstanaTV
06.10.2022ж. 20:00
1501
Алдағы сайлау - саяси реформалардың жүйелі жалғасы

«AMANAT» партиясының бүгінгі съезде қабылдаған шешімі мемлекет болашағы үшін маңызды. Съезге қатысқан сасяаттанушылар, депутаттар, жастар Президенттің саясатын қолдайтындарын айтты. Осыған дейін ел игілігі үшін жасаған еңбектерін атап өтті.

Президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты «AMANAT» партиясы ғана емес, елдегі демократиялық, қоғамдық, саяси ұйымдардың көпшілігі ұсынып отыр. Бұл бекер емес дейді мәжіліс депутаттары. Ел ішінде ұтымды басталған жүйелі реформалар мен экономикалық саяси шешімдерді соңына дейін жеткізу керек деп санайды.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің елімізде жүйелі, терең, саяси, экономикалық реформалар болып жатыр. Бұл реформалардың басында бүгінгі Президент тұр. Сондықтан сол реформалардың барлығын Президент аяқтап, біздің еліміздегі саяси афирмацияны, сонымен қатар экономикадағы көптеген мәселелерді шешіп шығуы керек. Сондықтан көптеген партиялардың барлығы ортақ кандидатты ұсынып отыр. Өйткені сол партиялардың бағдарламасына кандидаттың айтқан сөздері, кандидаттың тұғырнамасы сәйкес келеді.

Мәжілісмен Жанарбек Әшімжанов сын сағаттарда Президенттің халықпен бірге болғанын еске салды.

Жанарбек ӘШІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қандай жағдай болса да барлық уақытта көрсетті ғой. Бір ғана мысал Қаңтардағы жағдай. Сондай сын сағатта ел-халықтың жанынан табылған тұлға үлкен сайлауда да жауапкершілікті алып шығады деп ойлаймыз.

Халық үніне құлақ асып, мемлекет азаматтары үшін бұрын болмаған жаңалықтарды енгізу арқылы өз қолдаушыларын тауып үлгерді дейді депутат Елнұр Бейсенбаев.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Менің ойымша бұл дұрыс, маңызды және бүгінгі күні барлық сұрақтарға жауап беретін шешім деп есептеймін. Соңғы қаңтар оқиғасынан кейін, болған реформаларға байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдаушылар саны жеткілікті. Менің ойымша қазірдің өзінде өзге де кандидаттар тіркеліп жатыр. Бәсекелестікті уақыт көрсетеді.

“Жастар рухы” жастар қанаты да Президент қабылдаған маңызды шешімдерді жіпке тізді. Белсенді жастар Әділетті қоғам құруға атсалыспақ.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Біз мемлекетте болып жатқан өзгерістерді көріп жатырмыз. Жастар үнемі жаңашылдыққа, жасандылықтан қашатын азаматтар, шындықты бетке айтқанды жақсы көретін азаматтар, сосын еліміздегі жастардың жағдайын жасауға бағытталған өзгерістерді әрине қалап отырмыз. Қазіргі кездегі барлық қадамдар әділетті қоғамды, соның ішінде әділетті жастар ортасын қалыптастыратын қадамдар деп реформа деп айтсам қателеспеймін.

Съездегі бастама өңірлерден келген дегегаттардың да қолдауына ие болды. Олар жаңа облыстар ашылып, халық мүддесіне қабылдаған шешімдерге оң пікірлерін білдірді.

Темір ҚЫРЫҚБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

3 облыс жаңадан ашылып жатыр. Көп жаңалықтар болып жатыр Құдай қаласа. Қазіргі таңда мен өзім Президентімізден басқа кандидат көріп тұрған жоқпын шынымды айтсам.

Съезге жиналғандардың пікірі бір арнаға тоғысты. Президент, мемлекеттің құндылығы - халықтың қауіпсіздігін мен өмір сүруін жеңілдетуді үнемі басты назарда ұстап отырғанын жоғары бағалады.

А. Базарбай