Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

ОҚО-да медициналық қызметке ақы төлеу департаменті қарамағындағылардан ақша жинап келген

AstanaTV
22.07.2016ж. 20:00
5270
ОҚО-да медициналық қызметке ақы төлеу департаменті қарамағындағылардан ақша жинап келген

Шымкентте медициналық қызметке ақы төлеу комитетіне қарасты облыстық департаменттің екі бірдей қызметкері сот санкциясымен қамауға алынды. Оларға өңірдегі мемлекеттік және жекеменшік емдеу орындарынан жүйелі түрде ақша жинап келген деген айып тағылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аймақтағы қызметкерлері лауазымды тұлғаның сөмкесінен айғақты зат ретінде 793 мың теңге мен 1 мың АҚШ долларын тапқан. Ол «Клиника Дау Мед» мекемесінің сәлемдемесі екенін анықталды. Ұсталған екеу жарты жылда 12 мың АҚШ ақшасын жинаған, - дейді департамент өкілі. Пара алу бойынша қылмыстың іс қозғалып, тергеу басталды.

Ерлан Егеубеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департамент басшысының орынбасары:

Департамент басшысының орынбасары Қалыбекова және бөлім басшысы Жумаков мемлекеттік және жеке медициналық мекемелерге бюджеттік қаражаты бөлуге жауапты тұлға бола тұра, алдын ала сөз байласу арқылы жүйелі түрде пара алып отырған. Дәлірек айтқан кезде, департаментке тікелей бағынатын және есеп беретін 72 медициналық мекемелердің есепшілерінен есебін тапсыру және үздіксіз қаржыландыру мақсатында 20 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алып отырған. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ