Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Табиғатты ластамаудың жолы қандай?

AstanaTV
10.10.2022ж. 20:00
1084
Табиғатты ластамаудың жолы қандай?

Астанада «Біз табиғатты ластауға қарсымыз!» экологиялық акциясы өтті. Сенбілікке 3600 адам қатысты. Табиғат жанашырлары 1 күнде 385 гектар аумақты тазалады. Шара барысында экоеріктілердің белсенділігін арттыру үшін түрлі конкурстар ұйымдастырылды.

Тазалық – жинаған жерде емес, шашпаған жерде. Табиғат жанашырлары осылай дейді. Сенбі күні серуен құрмай, саулыққа сақтық жасайтын шараға қатысқан экоеріктілер көпшілікті полиэтиленнен бұйымдардан бас тартуға шақырды.

Марал, ЭКОЕРІКТІ:

Қараңыздар, қаншама міне пакетті жинап алдық. Әрине, ол адамның денсаулығына әсер етеді. Бір жағынан табиғатымыздың әдемі, әсем болғаны. Бүгін міне қаншама жастар Астана қаласына келіп үлестерін қосып жатыр.

Бұл жолғы сенбілік жаңа форматта ұйымдастырылды. Жастар әкімдік ұйымдастырған концертті тамашалап, спорттық конкурстарға белсенді қатысты. 3600 адам 385 гектардан асатын аумақты тазалады. 100 тонна қоқыс шығарылды.

Зұлфұхар ЖОЛДАСОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біріншіден өзімізден бастауымыз керек. Космомониторингпен үлкен жұмыс істеп жатырмыз. Елімізде 5 мың үстінде ластанған, иесіз қалдықтар табылған. Оны тазалап жатырмыз. Бірақ одан басқа демалушы орындар, судың маңайы, саябақтардың ішінде өте көп лас, қоқыстар көп. Экологиялық мәдениетті көтеру жағынан үлкен бір бастама.

Экологиялық акция мұнымен бітпейді. «Бірге – таза Қазақстан» айлығы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарда бар.

Р. Бақытжанқызы