Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматы облысына қар түсті

AstanaTV
10.10.2022ж. 20:00
911
Алматы облысына қар түсті

Алматы облысында қар түсті. «Кеген – Нарынқол» республикалық маңызы бар күре жолды тазарту бойынша жедел шаралар қабылданған. Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында жауын-шашын болып, арты қарға ұласқан. Синоптиктер ерте түскен қардың себебін суық антициклонның келуімен байланыстырады. Дегенмен, мамандар қарға әлі ерте деп отыр. Алдағы уақытта елдің басым бөлігінде күн жылы болатынын хабарлайды.

Лаура ҚАНАТ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:

Елдің батысына қара теңіз аудандарынан тағы бір циклон жылжуымен бұлтты және жаңбырлы ауа райы күтілуде. Қазақстанның солтүстігінде және орталығында термометрлердің бағандары күндізгі уақытта 15-20 градус жылыға дейін, шығыста 13-18 градус жылыға дейін және оңтүстікте 20-25 градусқа дейін жоғарылайды.

М. Жақан