Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мектеп директорының ісін облыс прокуроры бақылауына алынды

AstanaTV
11.10.2022ж. 20:00
1034
Мектеп директорының ісін облыс прокуроры бақылауына алынды

Ақтөбе облысында өз отбасын пышақтап тастаған мектеп директорына қатысты жаңа ақпараттар белгілі болды. Күдіктінің қан жоса болған әйелі жүкті. Ол да күйеуі басқарған мектепте мұғалім. Жаңақоныс ауылында отбасы жанжал соң, жантүршігерлік жағдайға ұласқан. Ауыл мектебінің директоры әйелі мен 8 жастағы өгей қызын бірнеше жерден пышақтап тастаған. Абырой болғанда екеуі де аман. 37 жастағы күдікті қамауға алынған. Қылмыстық істі облыс прокуроры өз бақылауына алды.

Темір БЕКЕТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кінәлі адамға қатысты полиция органымен 24-бабы 2-бөлігімен, 99 бабымен 2- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Яғни, жүкті әйелді және көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталу дерегі бойынша. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.

Б. Рақметова