Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырау облысында белгісіз жыртқыш қойды қырып кетті

AstanaTV
11.10.2022ж. 20:00
1382
Атырау облысында белгісіз жыртқыш қойды қырып кетті

Атырау облысында екі түнде отызға жуық қойды қырып кетті. Индер ауданындағы Елтай ауылы тұрғындары Шопан ата төліне қырғидай тиген жыртқыштың не екенін білмей дал.

Белгісіз жыртқыш алдымен бір үйдің қорадағы 15 қойын жайратқан. Екі түнде отызға тарта қойды қырды дейді тұрғындар. Бірі бұл құтырған иттің ісі десе, енді бірі жыртқыш аңнан болуы мүмкін деп болжайды. Бірақ қораны қызыл қанға бояған жыртқышты ұстай алар емес.

Олжас ХАСАНОВ, ИНДЕР АУДАНЫ ЕЛТАЙ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Кезекшілік ұйымдастырылып, еріктілермен ауыл айналасына үркіту сияқты жұмыстар жүргізілді. Қазір басылды ғой. Қаңғыбас ит жоқ. Бізде көбі асыранды иттер кейде босап кетеді, кешкілік қараңғыда бос жүреді. Малдарды ветеринария бөлімі мал қорығына алып кетті. Ветеринария тарапынан экспертиза жасау жұмыстары жүргізілген жоқ.

Б. Надірқызы