Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыда жараланған полицей ауруханадан шығарылды

AstanaTV
25.07.2016ж. 20:00
2135
Алматыда жараланған полицей ауруханадан шығарылды

Алматыдағы теракт кезінде жарақат алған полицейлердің бірі бүгін ауруханадан шығарылды. Ол - қалалық ішкі істер департаменті жергілікті полициясы қызметінің жол-патрульдік полициясының полк қызметкері Мұрат Балтабек. Оқиға болған күні иығына оқ тиген. Травматикалық шок алып, артынан дәрігерлер оған күрделі операция жасаған болатын. Ол енді амбулаториялық жағдайда емін жалғастыратын болады.

Айнұр Ахметова,  Мұрат Балтабектің жеңгесі:

Дәрігерлерге рахмет! Аман - есен болып шыққанына қуанышытымын. Халыққа рахметіміз үлкен. Басқа да полицейлер жазылып кетсін. Қазіргі заманда ешқандай соғыс болмасын.

Айта кетейік, шілденің 18-і күнгі атыстан 6 полицей ауруханаға түскен болатын. Бұған дейін дәрігерлер тағы бір сақшының жағдайы жақсарып, бір апта ішінде үйіне шығарылатынын айтқан еді. Ал Орталық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан науқас әлі ес-түссіз. Екі жерден тиген оқ оның ішкі органдарын тесіп өткен. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ