Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбе тұрғыны лаңкестерді жасырғаны үшін тұтқындалды

AstanaTV
25.07.2016ж. 20:00
1956
Ақтөбе тұрғыны лаңкестерді жасырғаны үшін тұтқындалды

Ақтөбеде лаңкестерді жасырған адам ұсталды. Енді ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 22 жастағы жігіт террорлық әрекет жасаған 3 қылмыскерді жасырғаны үшін айыпталып отыр.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:

Үстіміздегі жылы шілденің 21 күні Ақтөбе қаласының №2 сотының қаулысымен Ердауовты 2 айға қамауға алуға қатысты санкция қанағаттандырылды.

«Қылмысты жасырды» деген күдікпен ұсталған азаматқа 13 миллион теңгеге жуық айыппұл салынып, не қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. Бұған дейін қылмысты хабарламады деген күдікпен 3 адам ұсталған болатын. Ақтөбеде 5 маусым күнгі теракт кезінде радикалды топ өкілдері қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. 

Заңғар САНАЙ