Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді

AstanaTV
12.10.2022ж. 20:00
974
ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркеді. Халықтық коалиция мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап 400 мыңға жуық қол жинаған. Барлық талаптың үдесінен шыққан кандидатқа қатысты Орталық сайлау комиссиясы қаулы қабылдап, соның негізінде Халықтық коалиция мүшелері тиісті куәлікті алды.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сайлау заңнамасына сәйкес, барлық талаптардың бәрі орындалды, тиісті қол жиналды. 400 мыңға жуық қол жинадық. Құжаттар барлығы тапсырылғаннан кейін ресми бүгін тіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлікті біз қолымызға алдық. Енді заңнамаға сәйкес үгіт-насихат жұмыстары рұқсат берілген күннен бастап біздің Республикалық және өңірлік қоғамдық штабтарымыз жұмыс істей бастайды.

А. Базарбай