$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Орталық сайлау комиссиясы үш кандидатты тіркемеді

AstanaTV
13.10.2022ж. 20:00
2003
Орталық сайлау комиссиясы үш кандидатты тіркемеді

Президенттікке ұсынылған 3 үміткердің кандидатурасы талаптарға сай келмейді. Хайрулла Ғабжалиловты «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын. Талап бойынша президенттікке кандидат Қазақстан азаматы болуы керек, ал Ғабжалилов Қарақалпақстанда туған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі жоқ. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы Президенттікке үміткер Талғат Ерғалиевті де тіркеуден бас тартты. Себебі, қабылданған құжаттарды арнайы органдар арқылы тексеру барысында Талғат Ерғалиевтің мемлекеттік қызмет өтілі 3 жыл 4 ай екені анықталған, заң бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Фатима Бизақованың да кандидатурасы талапқа сай емес.

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сонымен ҚР президенттігіне кандидат Фатима Бизақованың ҚР Конституциясында және ҚР-да сайлау туралы заңында қойылатын талаптарға сәйкес еместігін анықтау туралы бойынша, хаттаманың жобасы әзірленген.

Ал «Футбол жанкүйерлерінің қазақстандық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Бақыт Жаңабаев бүгін мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Лингвистикалық комисссия мүшелері Бақыт Жаңабаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін айтты. Орталық сайлау комиссиясы үміткерді Президент кандидаттығына сәйкес келеді деп тапты.

Ә. Дүкембаева