Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Түркістанда жол көлік апатына ұшыраған автобуста әуежай қызметкерлері болған

AstanaTV
13.10.2022ж. 20:00
1688
Түркістанда жол көлік апатына ұшыраған автобуста әуежай қызметкерлері болған

Түркістанда әуежай қызметкерлері мінген автобус жол апатына түсті. Ол жүк артқан ГАЗель көлігіне соғылған. Апаттан автобус жолаушысы қаза тапты. Тағы алты адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасы таңғы сегіздің шамасында "Самара-Шымкент" тас жолында болды.

Данияр ТҮЙМЕБАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ:

Шымкент бағытынан Қызылорда бағытына кетіп бара жатқан ГАЗел жүк автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан автобус автокөлігіне соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған. Соның салдарынан бір азамат қайтыс болып, қазіргі таңда ҚР ҚК 345 бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция департаментінің дерегінше, жүк көлігі Ақтөбе облысын бетке алған. Ал жолаушылар мінген автобус киелі шаһардағы халықаралық әуежай қызметкерлерін тасымалдаумен айналысқан. Онда жұмысқа бара жатқан он бес адам болған. Аурухана жеткізілген алты адамның төртеуі ер, екеуі әйел адам. Барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емге жіберілген. Екі әйел адамның беті сырылып, маңдайы жарылған. Ал 4 ер адамның жарақаты жеңіл дәрежеде,- дейді орталық аурухана дәрігерлері.