$488.45 €529.19 ₽5.04
×

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» конференциясы өтті

AstanaTV
19.10.2022ж. 20:00
2887
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» конференциясы өтті

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам». Елорда да дәл осындай ұранмен жиын өтті. Ол елдік қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтаған ұлттық мереке - Республика күнін орайлыстырылып отыр. Қала әкімдігі мұрындық болған шараға қоғам белсенділері де қатысты.

Жиналғандар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Жолдауын саралады. Президент тапсырмалары аясында атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектеп, жоспарларын ортаға салды.

Дәулеткерей КӘПҰЛЫ, АҚЫН, ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын аман-есен өткізген елміз. Ендеше елу жылда ел жаңа. 100 жылда Қазан қазақтың сөзімен ендігі Қазақстанның даму бағыты елдің өркендеу бағыты қалай болмаққа келмек деген дүниенің барлығын мемлекет басшысы айтты. Қоғамда қызу талқыға салды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз жолдауында Әділетті Қазақстан құрудың жаңа міндеттеріне тоқталып, халықты ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырды. Конституциялық реформадағы ел ішіндегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс деп атап өтті жиынға қатысушылар. Отырыс барысында сөз алған шаһар атқамінерлері жеткен жетістіктерге тоқталды.

Есет БАЙКЕН, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Егер 2000 жылдың басында 59 мектепте 54 мың оқушы оқыған болса, биыл оқушылардың саны 214 мыңға жетті. Ал мектеп саны 114 ке жету бұл мемлекеттік мектептер. Соңғы үш жылда елордада 32 мектеп салынды. Бұл дегеніміз 65 мың оқушыға салынды. Осы арқылы 3 ауысымдық мектептердің саны 8 ден 4-ке дейін қысқарса, ал қазіргі бала санының көбеюі, ішкі миграцияның арқасында.

Әділетті Қазақстанның кескін-келбетін білімді жастар мен еңбекқор мамандар жасайтыны анық. Осы бағытта іс-шара барысында Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмасы талқыланды.

Ә. Дүкембаева