Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Аюсай» шатқалында адасқан норвегиялық туристер дін аман

AstanaTV
26.07.2016ж. 20:00
2186
«Аюсай» шатқалында адасқан норвегиялық туристер дін аман

Алматының тау бөктерінде адасып кеткен норвегиялық туристер табылды. Олардың денсаулықтары қалыпты. Бұл туралы Республикалық жедел құтқару жасағы мекемесі мәлімдеді.

Алматылық жігіт шаһарға қонаққа келген екі Досын "Аюсай" шатқалына экскурсияға алып барған. Таулы аймақтың ой-шұңқырын жетік білетін азамат жартасқа өрмелеу арқылы тауға шықпақ болады. Ал, жартасты айналып өтпек болған саяхатшылар сол мезетте адасып кетеді. Жедел құтқару жасағының күшімен шетелдіктер екі сағаттан соң табылып, алғашқы көмек көрсетілген. 

Виктор Грицай, Республикалық жедел құтқару жасағы мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары:

Экскурсия барысында шетелдіктердің бірінің аяқ-қолдарының терісі сыдырылып, кейбір жері көгерген. Оған дер кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді. Сосын аман-есен төмен түсіруге жағдай жасадық. Олар шетелдегідей тау шатқалында өз бетінше серуендеуге үйренген. Өйткені ол жақта арнайы тауға түсіп-шығуға қолайлы жолдар салынған. Біздің табиғаттағы жағдай басқаша. Сондықтан елге келген туристерге таулы аймаққа шығарда сақ болуын ескертеміз. 

Айгүл ЕРМАХАН