Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Кандидаттарды тіркеу аяқталып, үгіт-насихат кезеңі басталды

AstanaTV
21.10.2022ж. 20:00
1480
Кандидаттарды тіркеу аяқталып, үгіт-насихат кезеңі басталды

Кезектен тыс өтетін Президент сайлауында 6 кандидат бақ сынайды. Орталық сайлау комиссиясы қазір ғана үміткеркелердің есімін айтып, үгіт-насихат жұмысына рұқсат берді. Үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Қарақат Әбден, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Салтанат Тұрсынбекова тіркелді. Негізі, 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында республикалық қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар 12 тұлғаны Орталық сайлау комиссиясына үміткер ретінде ұсынған болатын. Талапқа сай болмағандары кандидат ретінде тіркелмеді. Бақыт Жаңабаев пен Нұржан Әлтаевқа қатысты шешім бүгін қабылданды. Алғашқысы тиісті қолдауға қатысты қол жинай алмаса, соңғысының ұсынған құжаты дұрыс болмай шықты.

Шавкат ӨТЕМІСОВ – ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органының 2022 жылғы 6 қазандағы №19 ҚР Президенттігіне кандидат ретінде Н. Әлтаевты ұсыну туралы хаттамасы Астана қалалық Байқоңыр аудандық сотының 2022 жылғы 17 қазандағы шешімі бойынша жарамсыз деп танылуына байланысты Орталық сайлау комиссиясында ҚР Президенттігіне кандидат ұсыну туралы қолданыстағы құжаты жоқ деп танылады. Сол себептен Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің қарауына тіркеуден бас тарту туралы тиісті хаттама мен қаулы жобасы дайындалып, ұсынылды.

Т. Әлжанов