Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістан облысында екі жасар бала жауын суына тұншықты

AstanaTV
26.10.2022ж. 20:00
1198
Түркістан облысында екі жасар бала жауын суына тұншықты

Түркістан облысында толассыз жауған жауын салдарынан 2 жасар бала көз жұмды. Сәби ауладағы суға толы шұңқырға түсіп кеткен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс жағдай Қазығұрт ауданында болды. Толассыз жауған жауын соңы, селге ұласып, абыр-сабыр кезде, бөбек ересектердің қарауынсыз қалып қойған көрінеді. Айта кетейік, аймақта үш ауданда бүгін түнімен нөсер жауды. Қазығұрт, Бәйдібек және Сарыағаш аудандарында аулалар мен қораларды су басты. Осының салдарынан мал қырылған.

Талғат ДОСАЛИЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Түнімен жауған жауын салдарынан Сарыағаш, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында тұрғын үйлердің аулаларына су кіру жағдайлары орын алды. Сарыағаш ауданында екі мал қора ішіне су кіріп, салдарынан 13 мал мал тұншығып өлген. Сонымен қатар Қазығұрт ауданында бір қора құлау жағдайы болған.

А. Төребекқызы