$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Отандық және шетелдік хирургтар бірігіп, күрделі операция жасады

AstanaTV
27.10.2022ж. 20:00
1978
Отандық және шетелдік хирургтар бірігіп, күрделі операция жасады

Елордадағы көпсалалы онкологиялық орталыққа биыл 70 жыл. Осыған орай орталықта дөңгелек үстел, шеберлік сыныптары, жетекші мамандардың қатысуымен конференциялар ұйымдастырылуда. Бүгін отандық және шетелдік хирургтар бірігіп, күрделі операция жасады.
Онкологиялық дертке шалдыққан науқастарды емдеудің 3 тәсілі бар. Дәрілік, сәулелі химия терапия және хирургиялық операция. Көпсалалы орталық өзінің 70 жылдық мерейтойына орай бұрын тәжірибеде қолданбаған жоспарлы 5 онкохирургиялық операция жасайды.

Мұхтар ТӨЛЕУТАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ КӨПСАЛАЛЫ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Сол операциялардың біздің орталықта жасауға, болашақта бізге келіп емделіп жүрген сырқаттарға жасап, ол операциялардың бір жақсылығы сырқат адам операциядан кейін жеңіл сезініп, ерте белсенділігі, жүріп-тұруы, қалыптасуына үлкен мүмкіншілік береді. Мысалы, үлкен оталар кесіліп, іш құрылыстары ашылып жасалатын операциялар бүгінгі күні мынау эндоскопиялық операция дейді лапароскопиялық тәсілмен жасалатын операциялар.

Онкохирургтар науқастың қатерлі ісігін емдеуге кірісті. Ота бөлімінде операция жасалса, оның барысын тікелей эфир арқылы отандық дәрігерлер бақылап отырды.

Илья ЧЕРНИКОВСКИЙ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, №62 МӘСКЕУ ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ОНКОПРОКТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Біріншіден, мен сіздің әріптестеріңіз ғана емес, сіздің отандастарыңыз да бізден үйренетінін бірден айтқым келеді. Біздің де олардан үйренеріміз бар. Себебі, кез келген шеберлік-сыныптары тәжірибе алмасуға бағытталған. Сол себепті де мұнда біліктілігі жоғары кәсіби мамандар ғана жиналған. Әрқайсымыздың өз ерекшелігіміз бар.

Отандық хирургтар бұл тәжірибе техниканы жақсартып, дәрігерлердің жаңалықты игеруге деген құлшынысын арттыратынына сенімді. Операциялық үстел басында Қазақстан, АҚШ, Үндістан және Ресей онкохирургтары тағы 2 хирургиялық, 2 радиологиялық емдеу әдісін жүргізбек.

Р. Бақытжанқызы