Елордада «BIR TOLQYNDA» диалог алаңының отырысы өтті. Оған «AMANAT» партиясының мұшелері, Астана қалалық мәслихатының депутаттары мен белсенді жастар қатысты. Онда депутаттар жастардың сұрақтарына жауап беріп, елін сүйер патриот болуға шақырды. Сондай-ақ, әртүрлі мәселелер қозғалып, еркін форматта әңгіме өрбіді.
Динара БАЙСЕРКИНА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Дамудың барлық стратегиялық жоспарлары, қалыптасуы, барлық жаһандық мәселелерді шешу болашақ жастардың қолында. Олардың дамуға үлкен мүмкіндіктері бар. Өйткені мемлекет жастарды қолдайды. Жастар- біздің болашағымыз.
Б. Сатуов