Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Үкімет басшыларымен кездесті

AstanaTV
28.10.2022ж. 20:00
1455
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Үкімет басшыларымен кездесті

ТМД-ға мүше мемлекеттер үшін сауда-экономикалық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы Үкімет басшыларымен өткен кездесуде осылай деді. Президент әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа назар аударып, бірқатар тиімді шара қабылдау қажеттігін айтты. Әсіресе халықаралық нарықтағы дағдарыс жағдайына қарамастан ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның биылғы төрағалығы аясында ТМД-ның 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының міндеттерін белсенді жүзеге асыру ісі жалғасты. Халықаралық нарықтағы дағдарыс жағдайына қарамастан, экономикамыз біртіндеп қалпына келе бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаев кедергілерді жоюға және протекционизмге жол бермеуге, қолайлы тарифтік шарттар қалыптастырып, әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге шақырды. Мемлекет басшысы көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселесіне де тоқталды. Атап айтқанда, Еуразия нарықтарына жаңа мүмкіндіктер ашатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының келешегі бар екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл мәселенің өзектілігі артып келеді. ТМД-ға мүше мемлекеттер қолда бар әлеуетті дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады. Атап айтқанда, Иранға, Парсы шығанағы мен Үндістанға шығатын «Солтүстік – Оңтүстік» бағыты бойынша сауда-саттықты өркендету маңызды.

А. Задабек