$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Абамовтар отбасы қазақша сөйлеп жүр

AstanaTV
28.10.2022ж. 20:00
2127
Абамовтар отбасы қазақша сөйлеп жүр

Жамбыл облысында тұратын Абамовтар отбасы тілді білу елге құрмет деп санайды. Олар мемлекеттік тілді білу парызымыз дейді. Балалары қазақ тіліндегі мектептерде білім алып жүр. Айтуларынша тіл білгеннен жамандық көрген емес. Керісінше жеткен жетістігі көп көрінеді. Жалпы аймақта өзге ұлттың 87 өкілі тұрады. Оның жартысына жуығы мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Бұл - ассамблеяның дерегі.

Динара Нұралиева - мектеп директоры. Жетістігін мемлекеттік тілді жетік меңгергенімен тікелей байланыстырады. Отбасында өзара қазақша сөйлесетіндерін мақтаныш етті. Балаларының болашағын да қазақ тілімен байланыстырыпты. Ұл-қыздары Мұқағали Мақатаев мектебіне беріп қазақ сыныбында оқытып жүр.

Динара НҰРАЛИЕВА, №34 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Өзім таң қалғаным: мен орысша тәрбиленген қыз, орысша университет, мектепті бітірдім бірақ ойларым қазір қазақ тілінде. Енді тіл білу ол әр азаматтың парызы деп санаймын. Тілдің білуін бөлек міндетті түрде қазақ салт-дәстүрін ұстаймыз.

Қазақилықты бойына сіңірген отбасы Абайдың шағырмаларын оқитындарын айтады. Ұрпақтарының тәрбиесіне де ақынның қара сөздерін қолданатынын жеткізді. Үнемі құлақтарына құйып жүрмін дейді.

Афелия АБАМОВА, ҚЫЗЫ:

Мен бесінші сыныптан бастап тоқып үйрендім. Шұлық, бас киім, қолғап тоқимын. Мені апа үйретті бос уақытта апам екеуміз тоқимыз.

Алдияр АБАМОВ, ҰЛЫ:

Қазақ тілінде төрт шумақ тақпақ оқиды.

Ал отағасы шаруа адамы. Көкөніс өсіріп, пұл етеді. Ол: "қазақ тілін білмесең көп шаруаң бітпейді" дейді. Көршілерінің талай тойына барып, қазақы жөн-жоралғыларды орындап жүргендерін айтып қалды. Ел қатарлы өмір сүріп жатқанымызға, мемелкеттік тілді білуіміздің көп пайдасы тиді деп отыр.

Б. Жұмабай