$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бірреттік Президенттік билік, саяси жүйені ұзақ мерзімді тұрақтандыруға бағытталған, - М. Жұрынов

AstanaTV
31.10.2022ж. 20:00
1209
Бірреттік Президенттік билік, саяси жүйені ұзақ мерзімді тұрақтандыруға бағытталған, - М. Жұрынов

Бірреттік Президенттік билік, саяси жүйені ұзақ мерзімді тұрақтандыруға бағытталған. Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов Жолдауға қатысты осындай пікір білдірді. Жолдау - Қазақстанның саяси жүйесінің болашағын айқындайтын жүйелі жоспар, дейді.

Мұрат ЖҰРЫНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Әділетті Қазақстан» орнату. «Әділеттік» деген сөздің ішінде бәрі бар. Қазақстың әл-ауқатын көтеру де бар. Тоқтатылып, тежеу көрген салаларды дамыту да бар ішінде. Ғылымда, ғылым академиясын дамыту. Оған мемлекеттік статус беру. Бұрыннан айтылып келе жатқан мәселе. Мынау сот жүйесі, коррупцияға қарсы, жұмыссыздыққа қарсы мұның бәрін әділеттік деген бір сөзбен топтауға болады.

Жазушы Дулат Исабеков болса, Жолдау - қоғамдағы келелі мәселелердің оң шешілуіне жол ашып отырғанына тоқталды. Ел болашағы балаларға жасалып жатқан бастамалар, қамқорлықтың белгісі деді.

Дулат ИСАБЕКОВ, ЖАЗУШЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ:

Жас балаларға деген, сәбилерге деген олардың есеп шотына ақша аудару, жердің сатылмауы, бұрынғы жерлердің қайтып алуынуы, пайдаланбай жатқан жерлердің мемлекеттің меншігіне осындай-осындай көңілге қонатын нәрселер бар.

Р. Бақытжанқызы