Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Атыраудағы арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымын жүргізу үшін тағы 200 млрд теңге керек", - сенатор

AstanaTV
31.10.2022ж. 20:00
1844
"Атыраудағы арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымын жүргізу үшін тағы 200 млрд теңге керек", - сенатор

Атыраудағы арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымын жүргізу үшін тағы 200 млрд теңге керек. Желілер толық тартылмағандықтан , Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркінің кейбір аумақтары бос жатыр. Бұл мәселе Сенат депутаттары мен жауапты министрлік өкілдерінің Атырауға сапарында талқыланды.

Атырау облысында арнайы экономикалық аймақ көмірсутек шикізатын терең өңдеп, бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында 2007 жылы құрылған. Содан бері инфрақұрылымға 170 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген. Алайда бұл - әлі де жеткіліксіз.

Ғабит КӨРКЕМОВ, «ҰЛТТЫҚ ИНДУСТРИЯЛЫҚ МҰНАЙ-ХИМИЯ ТЕХНОПАРКІ» АЭА БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Егер Қарабатан алаңы ірі тонналы жобалармен толтырылған болса, онда шағын және орта бизнес үшін инфрақұрылым салу қажет. Атырау қаласында Технопарк Атырау алаңы бар. Оған тағы да газ, жарық, су керек. Оған қоса Тұжырымдама бойынша өндірістік ғимараттар салынуы керек еді.

Экономикалық аймақта тіркелген 16 кәсіпорынның 8-і жұмыс істеп жатыр. Жиын барысында кәсіпорындарды диффернциалды қолдау, дайын өнімді өткізу мәселелері де қозғалды.

Серікбай ТҰРЫМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймаққа 170 млрд көлемінде инфрақұрылымға қаражат бөлінген, бірақ әлде де болса 200 млрд көлемінде қараат қажет. Қазір инвесторлар жұмыстарын бастап жатыр. Техникалық, экономикалық негіздеме, жобалық сметалық құжаттар басталды.

Айта кетейік, елімізде осындай 13 экономикалық аймақ бар. Онда 300-ден астам кәсіпорында 22 мыңға тарта адам жұмыс істейді. Сенаторлар мұнан соң жылына 20 мың шақырымдық талшықты-оптикалық кабель шығаратын кабель зауытының жұмысымен танысты.

Б. Надірқызы