Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстан құрамасы - «TURAN BARYSY» Азия кубогының жеңімпазы

AstanaTV
31.10.2022ж. 20:00
755
Қазақстан құрамасы - «TURAN BARYSY» Азия кубогының жеңімпазы

Түркістан қаласында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтті. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысып, мықтыларды анықтады.

Дүбірлі додаға түркі елдерінің ең мықты спортшылары қатысты. Олардың арасында халықаралық жарыстарда жүлде алып жүргендер де бар. Әзербайжан құрамасы атынан самбодан екі дүркін әлем чемпионы Эйваз Бақшиев бақ сынады. Ал Мажарстан құрамасы сапында дзюдодан Еуропа чемпионы Эндре Гунич, дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропаның үш дүркін чемпионы Барна Бооур Азия кубогінде жеңіс тұғырынан көрінуге барын салды. Дзюдодан Еуропа чемпионы атанған түркиялық Фуркан Гүнер да аянып қалмады.

Қайрат ФАЗЫЛБЕК, «ТURAN BARYSY» КУБОГЫНЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

Жарыстың басты мақсаты – Қазақ күресін халықаралық деңгейде, әлемдік деңгейде дамыту. Біз соған «Қазақ күресі» қауымдастығы болып бірігіп, жұмыс істеп жатырмыз.

Спортшылар жеті салмақ бойынша белдесті. Жеребе бойынша Әзербайжан, Өзбекстан, Мажарстан құрамалары бірінші топта, ал Қырғызстан, Түркия, Қазақстан құрамалары екінші топта белдесіп, өзара мықтыны анықтады.

Мурат АЧЕР, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Түркияның спорт басшылары «Қазақ күресі» қауымдастығымен келісім-шартқа отырып, қазақ күресін дамытуды қолға алды. Қазір қазақ күресі әлемде жақсы дамып келеді. Орта Азия халықтарының барлығы күреседі. Спорт, мәдениет біздің одан сайын жақындата түседі.

Екі топтан іріктелген Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан құрама командалары жүлделі орындарға таласты.Әзірбайжан елінің балуандарын қапы қалдырған қырғыз өрендері қола жүлдені иеленді. Ал тартысқа толы күрес бәсекесінің ақтық айқасы Қазақстан құрамасымен Өзбекстан елінің балуандары арасында өтті. Айтулы доданың ақтық бәсекесінде 4:3 есебімен Қазақстан балуандары жеңіске жетіп, Turan Barysy» додасының жеңімпазы атанды.

Алғаш рет ұйымдастырылған күрес сайысында бірінші орын алған команда 10 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық алса, екінші орынға — 6 000 000, үшінші орынға — 4 000 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды.

А. Төребекқызы