$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Келесі жылдан бастап 1-ші сынып оқушылары ауыр сөмке арқаламайды

AstanaTV
01.11.2022ж. 20:00
2094
Келесі жылдан бастап 1-ші сынып оқушылары ауыр сөмке арқаламайды

Келесі жылдан бастап 1-ші сынып оқушылары ауыр сөмке арқаламайды. Енді педагогтердің біліктілігін арттыру 3 жылда бір рет болады. Бүгін Үкімет білім беру туралы тұжырымдаманы бекітті. Балабақшадан бастап, университетке дейінгі сапалы білім беру жоспары тағы нені қамтиды? Бұған мұғалімдер не дейді? Тілшіміз айтады.

Білім беру тұжырымдамасы 4 жылға арналған. 6 бағыт бойынша әзірленген. Балабақша бағдарламасы, оқыту әдістері түгел өзгереді. Келесі жылдан бастап мұғалімдердің айлығы тағы 25 пайызға артады. Тиісінше, педагогтерге талапта күшеймек. Енді ұстаздардың біліктілігін арттыру 5 жылда 1 рет емес, 3 жылда бір рет болады деді,-министр.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

2021 жылдан бастап педагогикалық жұмысқа тұру үшін сертификаттау енгізілді. Яғни диплом жұмысқа тұру үшін, енді жеткіліксіз, міндетті түрде өз пәні және әдістеме бойынша тестілеуден өту қажет. Директорлардың кадрлық резерві қалыптасады, білім беру ұйымдарының директорларын ротациялау тетігін іске асыру жалғасады.

Біліктілікті арттыруға байланысты өзгерісті мектеп мұғалімдері қолдады. Себебі бұл таптырмас тәжірибе алаңы болады деп есептейді. 40 жылдан астам еңбек өтілі бар білікті ұстаз Дилара Құлбаева бұл сапаны жақсартатынына сенеді.

Дилара КӨЛБАЕВА, МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ:

Әрбір мұғалім өзінің пәні бойынша барады.Сол жерде жаңа әдістерді үйренеді.Басқа мектептің мұғалімдерімен қарым-қатынас жасайды, тәжірибе алмасады.Бұның барлығы олардың әрі қарай жұмысында қолдануына үлкен көмегін береді деп есептеймін.

Сондай-ақ, енді оқушылардың мынадай ауыр сөмкелерінің орнын планшеттер ауыстыруы мүмкін. Оқу - ағарту министрі Асхат Аймағанбетов алдағы 4 жылда оқулықтар түгелімен электронды форматқа ауысатынын айтты. Сондықтан да балалардың бас-басына бір бір планшет берілуі мүмкін.

Үкіметтің балаларға планшетті қалай үлестіруі, оған қанша қаражат қарастырылатыны қазірше белгісіз. Жоба әзірге талқылануда деді,-жауаптылар. Белгілісі енді әр педагог пен оқушының жеке цифрлық портфолиосы болады. Аттесттаттар мен дипломдар QR-код арқылы цифрлы форматта беріледі. Осылайша 2026 жылға дейін білім беру саласы түгел цифрланбақ.

Б. Сатуов