$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қаңтар оқиғасына байланысты рақымшылыққа іліккендер қашан бостандыққа шығады?

AstanaTV
03.11.2022ж. 20:00
1359
Қаңтар оқиғасына байланысты рақымшылыққа іліккендер қашан бостандыққа шығады?

Қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасалатын болды. Мемлекет басшысы арнайы заңға қол қойды. Рақымшылыққа ілккендер қашан босатылады? Соттылығы алынып тастала ма? Бүгін бұл сұрақтарға сенат қабырғасында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев жауап берді.

Қаңтарда жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға рақымшылық жасау туралы бастаманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген еді. Қыркүйектегі жолдауында көпке еріп, жаза бастым деушілерге кешіріммен қарау қажет деген болатын.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

"Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан мен Қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым.

Террористер мен экстремистер, азаптағандар мен тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар және мемлекетке опасыздық жасағандарға рақымшылық жоқ. Олар заң аясында тиісті жазасын алады. Ал рақымшылыққа іліккендер шешімді өздері қабылдайды деді,-сенатор Ләззат Сүлейменова.

Ләззат СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Рақымшылықты пайдаланам дейтін адамдар бар, рақымшылықты пайдаланбаймын, мен ақталам деген азаматтар бар. Сондықтанда әрбір сол жағдайға түскен азамат өз шешу керек. Рақымшылықтың игілігін пайдалана ма жоқ па? Бірақ енді көбінесе пайдаланып, сол қатесін түсініп, пайдаланып жатқан азаматтар бар. Сондықтан да бәріне бірдей қолданылмайды.

Себебі құзырлылардың айтуынша рақымшылыққа іліккен азаматтардан толық соттылық бойынша мәліметтер базадан алынып тасталмайды. Себебі олар ақталған болып есептелмейді екен.

Әсет ШЫНДАЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Рақымшылыққа іліккен адамдар ақталған болып есептелмейді. Бұл оңалту негіздеріне жатпайды. Сондықтан рақымшылық түрінде жазадан босатылған тұлғалар үшін заңнамада белгілі бір шектеулер бар. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет және құқық қорғау қызметі туралы заңнамада рақымшылық акті қолданылған тұлғалар мемлекеттік қызметке де, құқық қорғау қызметіне де жұмысқа тұра алмайтындығын қарастырылады. Олардың туыстарына бұл шектеулердің мүлдем қатысы жоқ,

Рақымшылыққа іліккендердің әзірге қашан босатылатыны белгісіз деді,-бас прокурор орынбасары. Ол үшін алдымен азаматтар рақымшылық бойынша өтініш жолдауы тиіс. Заң бойынша сот бұл өтініш хатты бір ай ішінде қарайды. Егер қылмысы ауыр және аса ауыр болмаған жағдайда, күдікті бірден бостандыққа жіберілуі мүмкін. Прокуратураның дерегінше шамамен мың жарымнан аса азамат кешірмге ілікпек.

Б. Сатуов