Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Алматы қаласына барды. Тұрғындармен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Алматы - Салтанат Тұрсынбекова барған 6-шы қала. Кандидат шаһар тұрғындарымен және штаб өкілдерімен кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Сондай-ақ, жұрттың ұсыныстарын тыңдап, қойған сауалдарына жауап берді. Сайлауалды бағдарламадағы әрбір мәселе-өзекті. Әр бағытты кандидат жіліктеп түсіндірді. Әсіресе, тұтынушылардың құқығын қорғау жайы кеңінен сөз болды. Үміткердің айтуынша, көп адам өзінің тұтынушылық құқығын қорғай алмайды, тиісті заңнаманы біле бермейді.
Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:
Қазақстандықтардың 35 пайызы тұтынушы құқығы бұзылса ешқайда жүгінбейді екен. Сауда орталықтарына, дүкендерге, базарларға, тамақтану орындарына барамыз. Осы мәселелерде тұтынушы ретінде құқықтарымыз қаншалықты қорғалған? Кәсіпкермен жанжал туындаған жағдайда қайда жүгінетінін білмейді.
А. Серік