Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жас журналистерге арналған өңірлік форум басталды

AstanaTV
07.11.2022ж. 20:00
2090
Жас журналистерге арналған өңірлік форум басталды

Астана қаласында жас журналистерге арналған өңірлік форум басталды. «Жас журналистер мектебі» жобасын іске асыруға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бастамашы болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған бағдарлама әзірленген. Оған 100-ден астам жас қатысуда.

Дильназ БОЛАТОВА, ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР КОНГРЕСІНІҢ ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРІ:

Өңірлік форумдар Шымкент, Ақтөбе қалаларында өткен болатын. Негізі бұрында бұл жоба «Жас қалам» деп аталған болатын. Қазіргі кезде жас журналистер мектебі аталатын болды. Негізі бұл жоба 2018 жылдан бастап іске асырылып жатыр. Жыл сайын осындай форумдарды өткізіп отырамыз.

Ә. Дүкембаева