Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

"Депутаттық мандатты қайтарып алу институты енгізілді",- А.Мұқанова

AstanaTV
07.11.2022ж. 20:00
1058
"Депутаттық мандатты қайтарып алу институты енгізілді",- А.Мұқанова

Келер жылы Конституциялық Сот қызметін бастайды. Бұл туралы әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа жүйе – адамның конституциялық құқықтарын қорғауға арналған әлемдік модель. Бұл өз кезегінде еліміздің құқық қорғау жүйесін жаңарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады дейді,-вице-министр. Сондай-ақ, елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау жүйесі қайта құрылады.Депутаттық мандатты қайтарып алу институты жанданады. Сайлаушылардың талабын қанағаттандырмаған халық қалаулыларынан бір сәтте мандатты қайтарып алуға болады.

Алма МҰҚАНОВА, ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Депутаттардың бір бөлігі партиялық тізімдер бойынша, бір бөлігі бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланатын болады. Бұл депутаттардың бір бөлігі парьтиялық тізімдер арқылы, бір бөлігі кандидатты халық тікелей сайлауы арқылы сайланатынын білдіреді. Сайлау процесінің өзі уақыт талабына сүйене отырып жетілдірілді. Депутаттық мандатты қайтарып алу жаңа институты енгізілді.

Б. Сатуов