$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ЖРВИ-мен ауырған науқас саны 1 миллионға жетті

AstanaTV
09.11.2022ж. 20:00
2148
ЖРВИ-мен ауырған науқас саны 1 миллионға жетті

"Короновирус жойылды" деп халық бейғам жүргенде, елімізде ұзақ уақыттан кейін ковидтен бір адам қайтыс болды. Ал 1миллион адам жұқпалы респираторлы вирустық инфекция жұқтырған. Мамандар коронавирустың жаңа штамы таралуы мүмкін дейді. Тағы карантин бола ма? Еліміздегі эпидахуал туралы Аружан Задабек жалғастырады.

Өткен жылы бетперде мен антисептик қолымыздан түспейтін еді. Қазір халық көп жүретін орындарда сақтық шараларын сақтап жүретіндер аз. Сонда, коронавирус жойылды ма? Әлде біздің етіміз үйреніп кетті ме?

Жұртта бұрыңғыдай алаңдаушылық жоқ. Кейбіреулер тіпті бұл індеттің барына әлі сенбейді. Бұқара осылай бейғам жүргенде, ұзақ уақыттан кейін коронавирус жұқтырған бір адам қайтыс болды. Ол - 76 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны.

Жангелді ШАЙЫМБЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Науқас бізге 28 қазан күні түскен. Яғни түскен уақытта бізде екі жақсы пнивманиямен түскен. Науқас вакцина және коронавирусқа қарсы вакцина енгізілмегені айтылған.

Елімізде 692 адам коронавирус инфекциясынан қазір емделіп жатыр. 82 науқас стационарда, 611 емделуші амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Індетке шалдыққандардың арасында 8 науқастың жағдайы ауыр, 2 пациенттің халі -өте ауыр. Ал 1 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Күлайым БІРЖАНОВА, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жылдың басынан санасақ, 1 январь мен 6 ноябрьге дейін 1001 адам қайтыс болған. Октябрьде саны 2 адам қайтыс болды, міне КВИ-дан. Ал, міне, ноябрьде осы қазір 1 адам қайтыс болды.

Ковидтан бөлек тұмау көбейген. Қазан айынан бері 1 миллионнан астам қазақстандық жұқпалы респираторлық вирусты инфекция жұқтырды. 865 адам тұмаумен ауырған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 341 бала бар. Денсаулық сақтау министрлігі бір сыныпта оқитын балалардың 30 проценттен астамы ЖРВИ жұқтырса, онда оларды онлайн оқу форматына ауыстыруды ұсынып отыр.

Марал РАҚЫМЖАНОВА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстанда тұмаудан басқа, тұмауға ұқсас вирустар да таралуда. Басқа тұмауға ұқсас инфекцияларға 2300-дей сынама тексерілді. Оның ішінде 341 сынамасы немесе 15% оң нәтиже анықталды.

Қазақстанға коронавирустың жаңа штамы келуі мүмкін. «Цербер» деп аталатын ковид түрі Еуропада тараған. Ресейде де тіркелді. Мамандардың айтуынша, омикронның жаңа түрі тез жұғады, бірақ аса қауіпті емес.

А. Задабек