Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Президенттікке кандидат С.Тұрсынбекова Қостанайда құқық қорғаушылармен кездесті

AstanaTV
09.11.2022ж. 20:00
985
Президенттікке кандидат С.Тұрсынбекова Қостанайда құқық қорғаушылармен кездесті

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қостанайда құқық қорғаушылармен кездесті. Өңірге үгіт-насихат науқанымен барған үміткер саладағы қордаланған мәселелерді тыңдады.

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова жиынға келгендермен сұхбат құрып, мәселелердің шешілу жолдарын талқылады. Сонымен қатар сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Негізгі көтерілген мәселелердің бірі – адам құқықтарын қорғаудағы кедергілер. Осы проблемалардың шешілмеуі азамататрдың өз құқығын толыққанды қорғауға мүмкіндік бермейді.

Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Адвокатура, нотариат, прокуратура өкілдерімен бір қызықты сұхбат өтті. Бұл сұхбатта әр саладағы жаңағы институттардың, адамның құқығын қорғайтын институттардың өкілдері өздерінің саласындағы проблемаларды айтып, сол проблемалардың шешілмеуі адамдардың құқықтарын толыққанды сапалы қорғауға мүмкіншілік бермейтінін сілтеді.

А. Базарбай