Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордада жастардың электоралдық белсенділігі туралы баяндама ұсынылды

AstanaTV
09.11.2022ж. 20:00
2006
Елордада жастардың электоралдық белсенділігі туралы баяндама ұсынылды

Қазақстанда жастардың электоралдық белсенділігі артып келеді. Сайлауға қатысатын жастар саны жоғары. Елордада жастардың сайлау процестеріне қатысу белсенділігі туралы талдамалық баяндама ұсынылды. Құжат шетелдік және отандық тәжірибе негізінде дайындалған. "Бұл талдау - сайлауды жетілдіру жолындағы қадам", дейді ұйымдастырушылар.

Жанар БОҚАНОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ЭЛЕКТОРАЛДЫ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мұның бәрі болашақта сайлау шынымен де біздің қоғамды өзгертудің демократиялық тетігі болып, айла-шарғы жасау немесе басқа мүдделерді пайдаланбас үшін жасалып отыр. Біз қазір өз құқықтарын білетін, осы құқықтарын жүзеге асыратын жастарды дайындасақ, ертеңгі күні сайлау қоғамымызды демократиялық жолмен дамытатын нақты тетік болмақ.

А. Базарбай