Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Шымкентте Қ.А.Яссауи ілімін жалғастырушы, түрік жұртына танымал ақын-жазушы Юнус Эмренің ескерткіші қойылды

AstanaTV
09.11.2022ж. 20:00
1718
Шымкентте Қ.А.Яссауи ілімін жалғастырушы, түрік жұртына танымал ақын-жазушы Юнус Эмренің ескерткіші қойылды

Шымкентте Түркия республикасының құрметті консулдығы ашылды. Сондай-ақ, мегаполисте Қожа Ахмет Ясауи ілімін жалғастырушы, түрік жұртына танымал ақын-жазушы Юнус Эмренің ескерткіші қойылды.

Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен Түркия Республикасының сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу арнайы қатысты. Мәртебелі меймандар алдымен түрік жұртына танымал ақын-жазушы Юнус Эмренің ескірткішіне гүл шоқтарын қойды. Мұнан соң Түркия республикасының құрметті консулдығының лентасын қиды.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүгінгі күні Қазақстан мен Түркия республикалары арасында стратегиялық әріптестік байланыс нығайып, түрлі салаларда тығыз ынтымақтастық орнатылған.

Түбі бір түркі жұртының тарихы мен мәдениетінің және рухани байланыстарына негізделген қазақ-түрік достығының дәлелі ретінде Шымкент қаласы Түркияның Измир, Ескишехир, Адана қалаларымен достық байланыс орнатқан.

Мевлют ЧАВУШОГЛУ, ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бәріңізге Президентіміз Режеп Тайп Ердоғанның ыстық сәлемін жолдаймын. Түркия мен Қазақстан бауырлас ел. Қазақстан Президенті Тоқаевтың Түркияға сапары өте сәтті болды. 14 келісімге қол қойылды. Және Астанада өткен маңызды жиында да 6 келісімге қол қойылды.

Түркия елімен стратегиялық жоспарлардың, сауда-экономикалық қарым-қатынас пен бірлескен жобалардың жаңа белеске көтерілетініне сенім білдірген қала әкімі Шымкент қаласы мен Түркия Республикасы арасындағы бауырластықтың нығаюына үлкен үлес қосып жүрген Түркия Республикасының Шымкент қаласындағы Құрметті Консулдықтың құрметті Консулы Латипша Қаймаханұлының атқарған еңбегін ескерусіз қалдырмады.

А. Төребекқызы