Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Оқуын бітірмей тастап кеткен студенттерден грантқа жұмсалған бюджет қаражаты өндірілуі мүмкін

AstanaTV
28.07.2016ж. 20:00
2300
Оқуын бітірмей тастап кеткен студенттерден грантқа жұмсалған бюджет қаражаты өндірілуі мүмкін

Мемлекеттік грантпен оқуға түсіп, бітірмей кеткендерден бюджет қаражаты өндірілуі мүмкін. Бұл туралы Есеп комитетінің жиынында айтылды. Жақында жоғарғы оқу орындарына тексеріс жүргізген мамандар Білім және ғылым министрлігінің жұмысындағы көптеген кемшіліктерді анықтаған.

Өткен жылы 2 миллиардқа жуық бюджет қаражаты жөнсіз жұмсалып, 7 миллиардтан астамы тиімсіз пайдаланыпты. Мемлекеттік грантпен оқуға түсіп, университетті тастап кеткендер көп. Есеп комитеті министрлікке олардан шығынды қайтарып алу механизмдерін ойластыруды тапсырды.

Совхозбек Құлмағанбетов, ҚР Қаржы министрлігі есеп комитетінің мүшесі:

Мұндай сома 2015 жылы 938 млн теңгені құрады. 365 оқушы солай кетіп отыр. Бұл бірақ заң жүзінде реттелмегендіктен, біз ол ақшаны кетіп қалған студенттерден қайтара алмадық. Бұл сұрақ мәселе ретінде қойылып отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ