Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Банктер борышкерлер қарызға алған жалғыз баспананы тартып алмауға уағдаласты

AstanaTV
28.07.2016ж. 20:00
2514
Банктер борышкерлер қарызға алған жалғыз баспананы тартып алмауға уағдаласты

Енді несиеге үй алып, бірақ төлем қабілеті төмендеген азаматтардан банк баспаналарын тартып алмайды. Егер ол борышкердің жалғыз баспанасы болса, қаржы ұйымы түсіністікпен қарамақ. Бүгін Ұлттық Банк қабырғасында Алматы қаласының әкімдігі, екінші деңгейлі банктер мен борышкерлер құқығын қорғайтын ұйым өкілдері меморандумға қол қойды. Құжат бір жылға бекітілді. Бірақ бұл ипотека иелері төлемнен бас тартады дегенді білдірмейді. Осы уақыт аралығында банктер сот барысында немесе төлем қабілетінен айырылған адамдардың жағдайын жеке-жеке қарауға және психологиялық тұрғыдан қысымдар жасамауға барынша ықпал етпек.

Өткен жылы Қазақастанда 2004-2009 жылдары ипотекалық қарыз алғандардың борышын қайта қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 130 млрд теңге бөлінген болатын. Бұл бағдарлама 25 мың адамның қаржылық ауыртпалығын шешуге бағытталған. Ұлттық банктің дерегінше, қазір 16 мың борышкер қаржылай жеңілдіктерге ие болып отыр.

Ұлданай Қамбарова, «Кәусар бұлақ» әлеуметтік көмек орталығының жетекшісі:

Біз ары қарай осы бағдарлама аясында кірмеген кісілермен жұмыс жасаймыз. Яғни 2004-2009 жылы қарыз алғандарды айтамын. Әртүрлі жағдайлар бар. Олардың да баспанасы ақталуы үшін жұмыс жасаймыз. Борышкерлердің ешқайсысын банк баспанасынан айырмайды. Егер ол төлемін жасап жүрсе. Шамасына қарай төлей беру керек. Банкпен байланыста болуы керек.