Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елде жеке жанар-жағармай құю бекеттері бір бренд астына біріктірілмек

AstanaTV
28.07.2016ж. 20:00
2691
Елде жеке жанар-жағармай құю бекеттері бір бренд астына біріктірілмек

Елде электромобильдер қуанттандырылатын болады. Қазір қымбат қондырғыны нақты қайда орнату тиімді екендігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұнай өңдеу зауыттың басқарушы директоры Дәулет Қалиханов айтты. Тоққа тәуелді көліктердің қуаттылығы 150-200 шақырымға дейін жетеді. Демек, ток көзі әрбір бекетке орнатылмауы мүмкін.

Сондай-ақ, жиында жеке жанар-жағармай құю бекеттерінің бір брендке бірігуіне 300 шағын станса келісім берген. Қазір елде 4 мыңға жуық жанармай құю бекеті бар. Көбі логистика мен бензин сақтау қоймасының жоқтығынан қиындық көріп келеді. Шалғай елді мекендегілердің жағдайы тіпті мүшкіл. Сондықтан бірігіп, қызметті жақсартпақ.

Жоба жеке инвесторлар есебінен 50 млн долларға қаржыландырылады. Іске асу мерзімі - 5 жыл. 1200 адамға вакансия да ашылуы тиіс. Зауыт директоры мобильді қосымша арқылы жанармай құю әдісін қарастырып жатқандарын да мәлімдеді.

Дәулет Қалиханов, «КНПЗ» ЖШС басқарушы директоры:

Идеяны көпшілігі қолдады. Екі күн бұрын ғана бірігуге келіскен жанармай бекеттерінің саны 231 еді, кеше 300-ге жетті. Бұл - мемлекеттік жоба емес. Бір жыл бұрын компаниямыз аймақтардан бірнеше бекеттерді сатып алмақ болған едік. Сол кезде жалпы жеке стансиялардың жағдай қиын екенін көрдік. Серіктестерімізге логистика, қойма мәселесінен бөлек, тоққа тәуелді көліктерді де қуанттандыратын қондырғыларды орнатуға жәрдем береміз. Болашақта Қазақстанда электромобильдер көбейеді. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ