Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қарағандыда мемлекеттік мекемелер ел қазынасын талан-таражға салмақ болған

AstanaTV
11.11.2022ж. 20:00
1493
Қарағандыда мемлекеттік мекемелер ел қазынасын талан-таражға салмақ болған

Қарағанды облысында мемлекеттік мекемелер ел қазынасын талан- таражға салмақ болған. Ауылшаруашылығы министрлігіне қарасты қожалық 150 теңге тұратын картопты 900 теңгеге сатып алам десе, полиция департаменті мен аудандық білім, мәдениет бөлімдері жиһаз, компьютер, кеңсе тауарлары мен көліктердің бағасын ондаған есе қымбаттатып көрсеткен. Осылайша олар сатып алу жоспары арқылы мемлекеттен қомақты қаржы алмақшы болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алғандарын мәлімдеді. Мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу барысында бақандай 1 млрд теңге үнемделген.

Арслан МЫҢҒЫШОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС- ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Хрестенко» деген жеке шаруашылық ұйымы бар ол ауылшаруашылық министрлігіне қарайды, яғни ортақ баға 300,400 , 150- 200 болса мысалы, жаңағы картоп әлеуметтік өнімнің 1 килограмын 700-900 теңгеден қойған. Картоптан басқа жанар- жағаймайғаболды бізде қыс кезінде а92, а93 маркалы бензиннің тым жоғары көтеру фактілері болды полиция департаменті».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаментінің мамандары алдағы уақытта азық- түлік өнімдерінің бағасына да мониторинг жасамақ. Ал ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық- түлік бағасы шамамен 21 процентке өскен.

А. Қуаш