$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Алматыда «барахолканың» қоймалары өртенді

11 қараша 2022
2215
Алматыда «барахолканың» қоймалары өртенді

Алматыдағы ірі көтерме сауда орындарының бірінде өрт шықты. Алапат от тауар тұрған қойманы күлге айналдырды. Бұған қатысты арнайы зерттеушілер тобы құрылды. Кәсіпкерлерге келген шығын есептеліп жатыр.

Қалың қара түтін лезде қызыл жалын айналды. Өртті сөндіру үшін сексеннен астам құтқарушы және ондаған арнайы техника жұмылдырылды. Тіпті арнайы автопойыз да жіберілді. Бұл-базардың өзі емес, сатушылардың тауар тұрған қойма көрінеді. Өрт бір сағатта әрең ауыздықталды.

Өрт 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Алдын ала болжам бойынша, от электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған.

Арман МӘКЕНОВ, АЛМАТЫ қ. ТЖД ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ ТЖБ БАСШЫСЫ:

Алғашқы күштер мен құралдар оқиға орнына 8 минутта келді. Көбінесе балаларға арналған ойыншықтар мен тұрмыстық заттар өртенген. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір келтірілген шығын көлемі мен өрттің нақты себебі анықталып жатыр.

М. Жақан


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар