$460.43 €501.04 ₽6.65
×

С.Тұрсынбекованы қолдаушылар атқа отырды

11 қараша 2022
2113
С.Тұрсынбекованы қолдаушылар атқа отырды

Аналар атқа қонды. Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованы қолдау мақсатында бір топ ана флешмоб ұйымдастырды.

Кезекті үгіт-насихат жұмысы бұл жолы өзгеше форматта елорданың іргесінде өтті. «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі бастамашы болған шара бұрынғы қазақ аналарының жүріп өткен жолын жалғау мақсатын көздейді. Осы арқылы ұрпақтар сабақтастығын көрсеткісі келген. Қолына ту алып, көпті бастаған аналар атпен шауып, өз үміткеріне қолдау білдірді. Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова саяси додаға осы ұйымның атынан қатысып жатыр. Осы уақытқа дейін кандидат үгіт-насихат науқанымен еліміздің 7 өңірін аралап, ауыл-аймақтың тұрғындармен кездескен болатын. Қазір кандидаттың 20 өңірде штабы толыққанды жұмыс істеп тұр.

А. Базарбай


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар