$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада жыл басынан бері 586 қайыршы ұсталды

AstanaTV
14.11.2022ж. 20:00
1993
Елордада жыл басынан бері 586 қайыршы ұсталды

Елордада үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбас көбейді. Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері 600-ге жуық қайыршы ұсталған. Оның бәрі шынымен шарасыз ба әлде.... бұл-табыс табудың жаңа тәсілі ме? Тілшіміз Аружан Задабек қайыршы кейпіне еніп, эксперимент жасады. Талай қызықты көрді.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Жаздың аптап ыстығы мен қыстың аязды күнінде шаһардан теңге сұраған қайыршыларды көп көреміз. Олардың арасында шын мұқтаждармен қатар оны кәсіп көзіне айналдырып алғандар да бар. Мен дәл қазір жұпыны киініп халық көп жүретін көшелердің біріне шықтым. Халықтың қайыршыларға деген көзқарасы қандай? Көмектесе ме, әлде көмектеспейді ме? Оны бірге көреміз.

Халықтың көзқарасы екіге бөлінді. Бірі алақан жайған «қайыршыға» көмектесуге асықса, енді бірі...

Біз жүргізген эксперимент нәтижесінде қайыршылардың бір күнде кемінде бес мың теңге табуға болатынын білдік. Бұл -бір айда шамамен 150 мың теңге. Жұмыс істейтін адамнан кем емес.... Психолог Әйгерім Шүкірбайқызының айтуынша, адамдар қайыршылыққа өмірден соққы алып, өзегі талғанда, байлығынан айырылып, бақытын жоғалтқанда барады. Депрессия деген дерт тағы бар.

Әйгерім ШҮКІРБАЙҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:

Күнде көбейіп келе жатыр олар. Менің ойымша оларға заң керек. Шын мәнінде мұқтаждар бар, және де соны бір кәсіпке айналдырып алғандар бар. Халықтың соған арбауларына ілінуі ғой.

Бұрын қайыршылықты кәсiп еткендердi мешiттiң жанынан көретiнбiз. Ал қазiр ше? Жол жиегiнде, қара базарда, не керек, адам iзi үзiлмейтiн, жаяу жүргiншiлер көп жүретiн жолдың жиегiнде нанға ақша сұрап алақан жайғандар көп кездеседі. Жауаптылар көше кезгендерді құрықтау жұмыстары жиі жүргізіледі дейді. Ал оларды ұстағаннан кейін қандай шара қолданылады?

Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, АСТАНА қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

ҚРӘҚБтК 449 бабымен көзделген әкімшілік жауапкершілікке 3863 құқық бұзушылық анықталған, масаң күйде жүргендерді медициналық айықтырғышқа орналастырылады. 31662 тұлға медициналық айықтырғышқа жеткізілген.

Статистикаға қарасаң, қайыр тілеп ұсталғандардың қатарында құжаты жоқтар, өзге мемлекет азаматтары мен мүгедектер, көпбалалы аналар басым. Ал кейбірі сұраншақтыққа сақадай сайланып, оны кәсіп көзіне айналдырып алған. Бірақ, олардың өзін заң жүзінде ешкім жазалай алмайды.

А. Задабек