Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президенттікке кандидат М.Қажыкен Алматыға барды

AstanaTV
14.11.2022ж. 20:00
950
Президенттікке кандидат М.Қажыкен Алматыға барды

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Алматыға барды. Үміткер құқық қорғау органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері және қоғам қайраткерлерімен кездесті.

Бұған дейін үгіт насихат науқаны аясында елдегі тоғыз өңірді аралаған Мейрам Қажыкен Алматы қаласына барды. Онда алдымен құқық қорғау органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері және қоғам қайраткерлерімен жиын өткізді. Парақорлық тақырыбында пікір алмасу болды. Жиыннан соң кандидат "Шаңырақ" ардагерлер үйіне табан тіреп, әлеуметтік қызмет алушылар және еңбек адамдарымен кездесті. Қарттардың жағдайын біліп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ардагерлер зейнетақы мәселесін көтерді. Ал еңбек адамдары әйелдердің зейнетке шығу жасы жайында сөз қозғады. Одан кейін кандидат желдеткіш шығаратын зауытқа барды. Мейрам Қажыкен ертең де Алматы да бірқатар кездесу өткізеді.

Мейрам ҚАЖЫКЕН, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Мәдениет, азаматтық қоғам, заңдардың орындалуы. Сыбайлас жемқрлықпен қалай күресу керек. Ең алдымен мәдениетте, адамның сана сезімінде халықтың да қоғамның да. Бізде мықты азаматты ққоғам болу керек. Азаматтық қоғам болса онда билік те бақылауда болады. Бізде заңдар бар. Белгіленген. Бірақ сол заңның баптары нақты орындалу керек.

А. Задабек