Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ж. Дайрабаев: үкімет вагон тапшылығы мәселесін шешуі керек

AstanaTV
14.11.2022ж. 20:00
886
Ж. Дайрабаев: үкімет вагон тапшылығы мәселесін шешуі керек

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысына барды. Алдымен кандидат Мұнайлы ауданындағы ұн тарту зауытының ұжымымен кездесті.

Өндіріс ошағының жалпы құны – 1 млрд 200 мың теңге. Мұнда жоғары сұрыпты ұн өндіріліп, тәулігіне 150 тонна нан-тоқаш дайындалады. 70-ке жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Дайын өнімді экспорттауға мүмкіндік бар. Алайда, кәсіпорынға бидай жеткізу үшін вагон жетіспейді. Үкімет, министрлік, ұлттық компаниялар вагон тапшылығы мәселесін шешуі керек. Қазақстанда азық-түлік нарығын дамыту және қауіпсіздігін сақтап им¬портқа тәуелді емес, отандық өндіріс есебінен жүзеге асуы керек»,– дейді Жигули Дайрабаев. Кандидат сайлауалды бағдарламасында шарулар мүддесін қорғауға мән беріп отырғанын жеткізді.

Анас БАҚҚОЖАЕВ, "АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл шаруашылықтардың бірінші проблемасы- мал азығы. Өздеріңіз білесіздер, былтыр қуаңшылық болған. Соның салдарын былтыр көргенбіз. Биыл жаңбыр көп болып, ылғал көп құдайға шүкір жақсы шықты өнім. Ұн шаруашылығы бойынша негізгі проблема вагондардың жетіспеушілігі. Иә, мемлекет тарапынан арзан бидай берілді. Бірақ оны жеткізуге бізде вагон жоқ.

Р. Бақытжанқызы