Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың РҚШ мүшелері Маңғыстау облысына барды

AstanaTV
15.11.2022ж. 20:00
996
Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың РҚШ мүшелері Маңғыстау облысына барды

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Маңғыстау облысына барды.

Штаб мүшелері өңір жұртшылығымен кездесуде сайлауалды бағдарламадағы аймақтық көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бөліміндегі негізгі бағыттарды талқылады.

Бану НҰРҒАЗИЕВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақстандықтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасау арқылы, саяси мәдениетінің жоғары деңгейін көрсету маңызды. Әрбір келген Қазақстандық ең біріншіден сайлауды өзінің бақытты болашағы үшін дауыс береді.

Кандидат жақтастары мұнайшыларымен де кездесіп, оларға сайлауалды бағдарламада көзделген қауіпсіз еңбек ортасын құру және жұмысшылардың құқығын қорғау жөніндегі шаралар туралы айтты. Қалалық ипподромда да болды.

Б. Сатуов