Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Қаскелең қаласына барып, білім саласының қызметкерлерімен кездесті

AstanaTV
15.11.2022ж. 20:00
869
Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Қаскелең қаласына барып, білім саласының қызметкерлерімен кездесті

Мейрам Қажыкен үгіт насихат науқаны аясында Қаскелең қаласына барып, білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Сайлауалды бағдарламасының негізгі бөлімдеріне тоқталды.

Білім саласының мамандарымен кездескен Мейрам Қажыкен болашақ жастарды тәрбиелеу мен болмысын қалыптастыруда педагогтардың мәртебесі биік екенін атап өтті. Кандидат саладағы мәселелерге де тоқталды. Оның бірі - мұғалімдерге жыл сайын жүктеменің артуы, солай бола тұра жалақының өзгеріссіз қалуы. Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасындағы кедергі сөз болды. Кандидат кәсіпкерлер мен кәсіподақтардың отырысына да қатысты. Онда жұмыс берушілер және қызметкерлер арасындағы ынтымақтастық жайы талқылданды.

Әлібек ШӘПЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ШТАБ БАСШЫСЫ:

Біздің үміткеріміз Мейрам Қажыкен Алматыға келіп отыр. Жиналыстар біраз кездесулер өткіздік. Біраз мәселелер көтерілді. Қала бойынша оннан астам сенімді өкілдер бар. Сайлауға дейін санаулы күндер қалды. Біз ол уақытқа дейін жұмыстарды жалғастырамыз.

А. Задабек