Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақтөбедегі «Достық» бассейнінің суы 5 жылдан бері ауыстырылмаған

AstanaTV
16.11.2022ж. 20:00
2130
Ақтөбедегі «Достық» бассейнінің суы 5 жылдан бері ауыстырылмаған

Ақтөбеде «Достық» спорт кешеніндегі бассейннің суы соңғы рет 2017 жылы ауыстырылған. Бес жыл бойы суы жаңартылмаған хауызға 800 ден астам бала түсіп, жүзу спортымен айналысып келген. Бұған дейін ата-аналар шағымданып, балаларының үстері бөртіп кеткенін және жөтел пайда болып, аллергиялық дертке шалдыққанын айтқан.Олар бассейнде хлордың көлемі тым көп деп күдіктенді. Осыдан соң судан сынама алынып, арнайы тексеру басталды. Нәтижесінде бассейннің суы соңғы рет 5 жыл бұрын ауыстырылғаны анықталды.

Әділбек ДІЛЖАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Жалпы бассейндегі суды соңғы рет 2017 жылы ауыстырған. Өйткені, бұл қымбатқа түседі. Жеті миллион теңге. Жалпы бассейнде сүзгілер үздіксіз жұмыс істеп тұр. Сондықтан ол суға түсуге болады. Тағы да сынама алдық, енді соның нәтижесін күтеміз.

Б. Рақметова