$477.03 €521.44 ₽5.43
×

Қостанай облысының кәсіпорындары жұмысшыларға 11 миллион теңге көлемінде еңбекақы берешек

AstanaTV
29.07.2016ж. 20:00
2243
Қостанай облысының кәсіпорындары жұмысшыларға 11 миллион теңге көлемінде еңбекақы берешек

Қостанайда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен откен отырыста демократиялық күштер коалициясының мүшелері «Еңбек заңнамасын сақтау» мәселесін талқылады. Отырысқа «Нұр Отан», «Ақжол», «Ауыл» және  Қазақстан коммунистік-халықтық партиясының өңірдегі өкілдері қатысып, өз пікірлерін  білдірді.


Еңбек инспекциясының мәліметіне сәйкес, Тобыл өңірінде жыл басынан бері 64 адам жұмыс барысында оқыс оқиғаға тап болып, жетеуі  көз жұмған. Аймақтағы 3 кәсіпорын жұмысшыларға 11 миллион теңгеден астам берешек. Соның салдарынан 88 адам еңбекақыларын ала алмай жүр. Коалиция мүшелері мен партия өкілдері, елдегі тұрақтылықты сақтау үшін, еңбек дауын тудырмау өте маңызды екендігін, атап өтті. Сондықтан бірлесе отырып дау-дамайдың алдын алуға, еңбек заңнамасының бұзылмауын қадағалау қажет деген ойларын ортаға салды.

Балбөпе Ертаева, Қостанай облыстық кәсіпкерлерікпен айналысатын жұмысшылар кәсіподағы төрағасының орынбасары:

Үлкен семинарлар өткізіп тұруымыз керек. Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұру керек.Әсіресе еңбекші  халық құқығын қалай қорғау керектігін білу үшін. Жұмыс берушілер, әрине, қолдан келгенін жасап, жұмыс орындарын ашып жатыр. Бірақ әлі де  шешілмей жатқан мәселелер бар деп ойлаймын.

Отырыс соңында демократиялық күштер коалициясы өкілдері еңбек инспекциясы басқармасына «Заңнаманың жүзеге асуын, жұмысшылардың дер кезінде еңбекақы алуын үнемі бақылап отыруды тапсырды. Сондай-ақ, айлық төлемейтін кәсіпорындардың тізімін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялап отыруды  ұсынды. Ал қоғамдық кеңес мүшелеріне кәсіпорындарда жиі кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жүктеді. Еңбек дауына қатысты мәселелерді оңтайлы шешуге атсалысатындықтарын айтты.

Михаил Дәуенов, «Қазақстан-2050» Қостанай облыстық демократиялық  күштер коалициясының төрағасы:

Адамдардың құқығын сақтау үшін, айлық ала алмай жүргендердің жалақсын беру жолдарын іздеу. Атқарушы органдармен бірлесе отырып, олардың жалақсын алуға атсалысуымыз керек. Еңбекақысын қайтарып беруге қол ұшын созуымыз қажет. Өйткені бұл үлкен мәселе.