Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Президенттікке кандидат С.Тұрсынбекова сүт фермасына барды

AstanaTV
18.11.2022ж. 20:00
794
Президенттікке кандидат С.Тұрсынбекова сүт фермасына барды

Үгіт-насихат жұмыстарымен Солтүстік Қазақстан облысына барған кандидат Салтанат Тұрсынбекова сүт өнімдерін өндіретін зауытқа соқты.

Кандидат ат басын тіреген фермада қазір 1 мың 700 ірі қара бар. Оның 870-сі -сауынды сиыр. Зауытта жұмыс істейтін 40-қа жуық қызметкер тәулігіне 28 тонна сүт алады. Жұмысшылармен тілдескен Салтанат Тұрсынбекова кешенде жасалған жағдайлармен жақын танысты. Сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берген кандидат маман тапшылығын байқағанын айтады.

Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:

40–қа жуық қызметкер бар. Тең жартысы әйелдер. Жұмысшылардың жағдайы толықтай жасалғанымен, жалақылары жақсы болғанымен жас мамандар мұнда жұмыс істегісі келмейді. Себебі жауапкершіліктен қорқады.

А. Базарбай