Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Халық газға қосылу үшін құжаттар тізімі қысқартылды

AstanaTV
18.11.2022ж. 20:00
1574
Халық газға қосылу үшін құжаттар тізімі қысқартылды

Астанада халықтың әлеуметтік осал топтарына газға қосылу үшін 430 мың теңге көлемінде ақшалай өтемақы беріледі. Дайындайтын құжаттары да азайды. Сондай-ақ, көгілдір отынға қосылғысы келетіндер банктерден бір жарым жылға пайызсыз 750 мың теңге несие алуларына болады. Әкімдіктегілер осындай жеңілдіктер арқасында табиғи газды тұтынушылар еселеп өседі деп отыр.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Жұрт бұрынғыдай отын жарып, көмір тасып, от жағып, күл шығармайды. Бұл бейнеттен көп адам құтылды. Бас қаланың тұрғындары біртіндеп көгілдір отынның игілігін көруде. Қазір Алматы ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Шыныбековтер әулеті бас қалада тұрса да от жағатын. Әсіресе қыстың күндері қиналатын. Бұл әбігерді көрген түстей ұмытты. Көгілдір отынға қосылып, көңілдері жайланды. Енді отын, көмірге де қаржы шығындамайтын болды. Бастысы үйі жылы, бағасы тиімді.

Болат ШЫНЫБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы 2022 жылдың қысында берген. Содан бері пайдаланып жатырмыз. Акиматқа рахмет. Рахатын көріп жатырмыз мінекей, бұрынғыдай газ балонмен жүрмейміз, бұрынғыдай күл шығарып, көмір тасу деген жоқ. Үй жылы. Газдың қызығын көріп жатырмыз.

Астана қаласы әкімдігі Отын-энергетика ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов бас қаланың маңында орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алабтары да газға қосылуда. Қазіргі таңда көгілдір отынға қосылған жеке үйлердің саны біршама артқан.

Мақсат ЕСМАҒҰЛОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі күні қалалық әкімдікпен 10 тұрғын алабы, 4 шағына аудан түгелімен газ жерімен тартылып аяқталды. Газ берілген болатын. Бүгінгі күні 12 мың жер үй газға қосылу мүмкіндігін алып отыр.

Мамандар қауіпсіздік шарасына баса мән береміз деп отыр. Газ кіргізілген әрбір үйдің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Ә. Дүкембаева