Уақыт белдеуіне байланысты алғашқы болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы сайлау учаскелері жұмысын бастады. Астана, Алматы мен Шымкент қалаларындағы кейбір сайлау учаскелері таңғы 6-да ашылды. Дәл қазір бізбен Орталық сайлау комиссиясынан әріптесім Ақбота Базарбай тікелей байланысқа шыққалы тұр.
Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:
Қайырлы таң, Әмина! Қазақстан Республикасының Жапония мен Кореядағы азаматтары Президенттің кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды.
Уақыт белдеулеріне сәйкес Токиодағы сайлау учаскелері бірінші болып жұмыс істей бастағанын атап өтемін. Астана уақыты бойынша дауыстар таңғы 4-тен бастап қабылданды. Ал елдегі сайлау учаскелері таңғы 7-ден бастап ашық. Тек Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 86 учаскеде дауыс беру таңғы 6-да басталды. Бірнеше минут бұрын батыс аймақтардағы дауыс беру орындары есігін ашты.
Қазақстан бойынша барлығы 10101 учаске жұмыс істейді. Аумақтық сайлау комиссияларының актілеріне сәйкес сайлаушылар тізіміне 11 950 485 адам енгізілген. Қазақстандықтар сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.
А. Базарбай