Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматы көшелерінедігі жарық жүйесі ескірген

AstanaTV
12.04.2016ж. 20:00
1826
Алматы көшелерінедігі жарық жүйесі ескірген

Алматыда көше бойындағы жарықты түн мезгілінде жақпау үрдісі белең алған. Бұған тұрғындар наразылық танытып, электр тарату мекемелеріне қоңырау шалып жатыр. Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының айтуынша, бұл жағдайға сыртқы жарық беретін қондырғылардың тозуы себеп болған.

Шаһар әкімдігі 2013 жылы сыртқы жарықты бақылау жүйесін автоматтандыруға көшкен. Осыған орай «Алматы Қала Жарық» коммуналды шаруашылығы құрылып, олардың иелігіне сыртқы жарықты бақылайтын қораптар мен желілер берілген. Қазір сыртқы жарықты бақылайтын 1100 қорапты жаңарту қолға алынды. Мамыр айынан бастап Алматының көшелері жарықпен толық қамтамасыз етіледі және олар бірыңғай диспетчерлік орталықтан басқарылады, - дейді әкімдік өкілі.

Еркебұлан Оразалин, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

Алпысыншы, жетпісінші жылдары орнатылған ст.кабельдері, басқару шкафтары ескіріп кеткен. Сонымен қатар әр бір шкафтың берілетін максималды нагрузкасы 60 амперден аспауы керек. Сонымен қатар біздің қаламызда көптеген жаңадан көшелер салынғандықтан, басқа да развязкалар, объектілер. Кейбір жағдайларда 100 амперге дейін күш түсетіні тексеру кезінде белгілі болды. 

Самат ҚАНАҒАТОВ